Қарағанды ​​облысында "Qarmet" кеншілерін бопсалаған қылмыстық топтың тағы 8 мүшесі ұсталды

Сурет: polisia.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі "Qarmet" АҚ қызметкерлері мен Абай қаласының тұрғындарын бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстаудың екінші кезеңі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы, полицияның мәліметінше, аталған қылмыстарға қатысы бар топтың 8 мүшесі ұсталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оған қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу әрекеттері барысында жалпы құны 55 миллион теңгеден астам өзге де бопсалау деректері анықталды. Сондай-ақ олардың "Қазақстан Темір Жолы" АҚ-ның объектілерінен тауар-материал ұрлау дерегіне қатысы бары анықталды.

Полиция қызметкерлері 25 тінту жұмысын жүргізіп, тіркелмеген атыс және суық қару, оқ-дәрілер және діни кітаптар тәркіледі.

Олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Ішкі істер министрлігінің үнемі бақылауында.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды