Жамбыл облысында полиция Қызыл кітапқа енген жануарды атып алған тұрғынды ұстады

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында "Сапсан" жедел қызметі инспекторларымен бірлесіп, браконьерлік жасады деген күдікпен Талас ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол тұрып жатқан құмды аймақтағы шаруа қожалығын тексеру барысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының ұшасы, сондай-ақ екі тегіс ұңғылы қару табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда заңсыз аң аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.

Жамбыл облысының полиция департаменті осы жылдың 1-29 ақпаны аралығында аймақта "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын хабарлайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз