Оралда арнайы операция: бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

Сурет: freepik
Орал полицейлері бопсалаумен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, ұсталғандар қаладағы сауда орталықтарының бірінің қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерінен алаяқтық жасап, тонау және ақша бопсалаған деген күдікке ілінген.

"Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамауға алынды. Алаяқтық әрекеттерге барғандардың барлығы колледж студенттері." БҚО ПД баспасөз қызметі

Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

"Егер Сіз ұсталған тұлғалардан зардап шеккен болсаңыз, дереу полиция қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз." БҚО ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Астанада 4 миллион теңге бопсалады деген күдіктінің ұсталғаны белгілі болған. Полицияның мәліметінше, ер адам әлеуметтік желіде құрбанының интимдік фотолары мен видеоларын жариялаймын деп қорқытқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті