БҚО-да полиция қызметкерлері қызға шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

Сурет: polisia.kz
Қаңтар айының соңында Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында белгісіз біреу қызды бұзақылық ниетпен ұрып-соғып, оқиға орнынан бой тасалаған болатын.

Полиция қызметкерлері ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде қылмысты жасаған күдіктіні анықтады. Ол Бәйтерек ауданының тұрғыны болып шықты.

Қылмысты ашу үшін есепте тұрған тұлғалар тексеріліп, ішкі істер бөліміне күдіктіге ұқсас 38 тұлға жеткізілді.

Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, бейнебақылау жүйесінің көмегімен күдіктінің жүрген жолы анықталып, сол арқылы қолға түсті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме