Ауа райының қолайсыздығынан азаматтар кептелісте тұр.
2GIS қолданбасы қаладағы кептеліс "10 ұпайды" көрсетеді.
"Ал, қала әкімдігі қар тазалау үшін 483 бірлік арнайы техника мен 1180 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 176 құм таратқыштың күшімен көктайғаққа қарсы материалдар (КҚМ) себіледі. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 1120 тонна КҚМ пайдаланылды." Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Сағат 12:00-ден бастап жол полициясының патрульдік машиналарының сүйемелдеуімен 11 колоннаның күшімен қарды тазарту ұйымдастырылды. Тротуарларды қардан тазартуға 174 шағын габаритті техника жұмылдырылған. Олар тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын және әлеуметтік маңызы бар объектілерге кіреберістерді қардан тазартуда.
Қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері қолмен тазартылуда. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.