25 ақпанда Алматыда қандай көшелер жабылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігі Zakon.kz сайтына 2024 жылдың 25 ақпанында қалада "Winter Run 2024" жарысы өтетінін хабарлады. Басқарма әл-Фараби даңғылындағы көлік қозғалысын жабу және қоғамдық көлік қозғалысын өзгерту туралы да айтты.

Алматыда 25 ақпанда Winter Run 2024 қалалық қысқы жарысты өткізуге байланысты әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Меңдіқұлов бульварынан Esentai Mall-ға дейін 07:50-ден 10:45-ке дейін, 08:30-дан 10:30-ға дейін әл-Фараби даңғылымен Esentai Mall-дан Гагарин даңғылына дейін қозғалыс жабылады.

Бұл ретте әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық болады. Балама жол шығыс бағытта Тимирязев көшесі бойынша ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, әл-Фараби даңғылынан Ганди көшесіне дейінгі Батыс Желтоқсан көшесінің учаскесі сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жабылады.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, жарысқа байланысты келесі бағыттардың қозғалысы сағат 6:00-ден 11:00-ге дейін уақытша өзгертіледі:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды