Жамбыл облысында бірнеше рет мал ұрлап, сойып сатқандар анықталды

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысы полиция қызметкерлері "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық топтың іс-әрекетін әшкереледі.

Олардың алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы жайылымдардан бірнеше рет жылқы ұрлап, содан кейін оларды сойып, сатумен айналысқандары белгілі болды.

Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ олардың бұдан басқа 4 мал ұрлау дерегіне қатысы бары және ұрланған 5 жылқыны сойып сатқаны анықталды.

Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. "Мал ұрысы" республикалық iс-шарасы облыс аумағында 23 ақпанға дейін жалғасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз