Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің екі өңірінде жолдар жабылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
22 ақпанда сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар екі тас жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын тас жолда (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты);

1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін (көліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын тас жолда (екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)

1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін (барлық көлік түрлері үшін).

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы мезгілде тазалап ұстау жұмыстарына 631 бірлік техника және 1389 жолшы жұмылдырылған.

Қостанай
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі