Қарағанды облысында тәркіленген 200 келіден астам есірткі жойылды

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысында есірткі тасымалдаушылардан тәркіленген 200 келіден астам есірткі жойылды.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы және Қарағанды қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен Алматы – Екатеринбург тасжолының бойында аса ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен 37 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылған.

Көлікте 40 жастағы жолаушы болған. Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында полиция қызметкерлері ұнтақ тәрізді заттары бар пакет және 11 пакет ерігіш заттарды тәркілеген болатын.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар 100 келі гашиш және 125 келі марихуана есірткі заты екені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, ұсталған азаматтарға қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Тәркіленген есірткі заттарының үлгілері іріктеп алынған соң тәртіп сақшылары өртеп жіберді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз