Астанадағы әуежайда намазхана жөнделіп, пайдалануға берілді

Сурет: Zakon.kz
24 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежай намаз оқуға арналған ерлер мен әйелдер бөлмелері терминалдың бірінші қабатында орналасқанын хабарлады.

"Құрметті жолаушылар! Біз сіздерге ішкі ұшу терминалында орналасқан намазханалардың жөндеу жұмыстары аяқталғанын қуана хабарлаймыз. Намаз оқуға арналған ерлер мен әйелдер бөлмелері терминалдың бірінші қабатында орналасқан. Сонымен қатар тағы бір намазхана ішкі терминалдың стерильді аймағында қолжетімді. Жолаушылар исламдағы 5 парыздың бірі - намазды сапарларының алдында еш қиындықсыз оқи алады, - делінген әуежайдың Telegram-арнасындағы хабарламада.

"Біз сүйікті жолаушыларымызға қолайлы жағдай жасау үшін бар күшімізді салудамыз. Жаңарту жұмыстары сіздердің сапарларыңызды сәтті әрі жайлы етеді деп сенеміз. Сәт сапар!" деп қосты әкімшілік.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы