Астанада 40 млн теңге берешегі бар жүргізуші анықталды

Сурет: Zakon.kz
"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мамандандырылған батальон полицейлері Subaru көлігінің жүргізушісін тоқтатты.

"Қорғау" автоматтандырылған жүйесі арқылы оның борышкер екені белгілі болған. Subaru иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек 40 миллион теңгеге жуық қарызы болған.

Бұған қоса, көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін аталған жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынған. Жүргізушіге ескерту жасалып, көлік қоғамдық көлік тұрағына қойылды.

Жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында 5-29 ақпан аралығында қалада "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Операция басталғаннан бері полицейлер 12 674 жол қозғалысы ережесін бұзуды анықтады, оның ішінде 75 жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны үшін ұсталды, 127 адамға төтенше жағдай туғызғаны үшін айыппұл салынды, 342-ден астам жүргізуші көлікті басқару кезінде тыйым салатын бағдаршамнан өтіп кеткен, 336 жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткенмен оларда ұсталған. 262 көлік коммуналдық тұраққа қойылып, 231 мемлекеттік нөмір тәркіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады