Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтуді мақұлдады

Сурет: pexels
2024 жылғы 28 ақпанда Мәжіліс депутаттары тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасады.


"Заң жобасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, заң жобасында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруге, ұрып-соғуға, 16 жасқа толмағандарды жыныстық қудалауға, өз-өзіне қол жұмсауды насихаттауға және басқаларға бағытталған әрекеттерді қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған", - деді депутат Жұлдыз Сүлейменова.

Оның айтуынша, заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар мыналарға бағытталған бірқатар түзетулер енгізді:

"Үкіметтің ұсынысымен облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қызметін реттеуге қатысты түзетулер енгізілді.Сонымен қатар, депутаттар нормаларды құқықтық техникаға сәйкестендіруге бағытталған редакциялық түзетулер мен толықтырулар енгізді, бұл заң жобасының мазмұнын сапалық жағынан жақсартты", - деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.

Айтпақшы, депутат Елнұр Бейсембаевтың педофилдерді хирургиялық кастрациялау туралы резонансты ұсынысы палатадан қолдау таппады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді