Астанада мас тұрғын күзет мекемесінің көлігін заңсыз айдап кеткен

Сурет: pexels
Астанада мас ер адам күзет мекемесінің оталып тұрған көлігін тізігіндеп кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері көлік ұрлығына қатысты деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Анықталғандай, түнгі уақытта күзет мекемесіне дәмханадағы төбелеске қатысты қоңырау түскен. Агенттік қызметкерлері LADA Granta көлігімен келіп, олар дәмханаға кірген.

Дәл осы уақытта қызметтік көлік жарқыраған шамдарымен жұмыс істеп тұрған.

Осы кезде кафеден шыққан мас адам көлікті көріп, оны үйіне айдап кетуге шешім қабылдаған. Алайда 20 метр жүрместен тұрақта тұрған Hyundai Sonata көлігіне соқтығысып үлгерген.

Қазіргі уақытта көлікті мас күйінде басқарғаны үшін көлік жүргізуге құқығы жоқ күдікті, қамауға алынғандар үшін арнайы уақытша ұстау изоляторына 20 тәулікке қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды