Рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастағаны үшін айыппұлды арттырмақ

Сурет: pxhere
2024 жылғы 29 ақпанда Мәжілісте Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев белгісіз орындарға қоқыс тастағаны үшін жауапкершілікті күшейту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәжілісте қатты тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару мәселелері талқыланды.

"Азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің хабардарлығын арттыру мақсатында қоқыстарды белгіленген орындардан тыс жерге тастағаны үшін айыппұл көлемін ұлғайту мәселесі қарастырылуда.Осы түзетулер негізінде реттеушілік әсерге талдау жүргізілуде", - деді министр Ерлан Нысанбаев.

Оның айтуынша, 2023 жылдың соңында Қазақстанда 4,1 миллион тоннаға жуық коммуналдық қалдықтар түзіліп, оның 24 пайызы қайта өңделген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда аз.

2023 жылға арналған ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша 5534 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орындары анықталды, оның 86%-ы әкімдіктермен жойылды.

Мысалы, 2023 жылдың қазан айында Астанада 200-ден астам рұқсат етілмеген полигондар анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз