Астана, Алматы және Шымкент: 2-4 наурызға арналған ауа райы болжамы

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш тәулік - 2-4 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада:

2 наурыз - күн райы құбылмалы, аспан бұлтты, аракідік қар жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -8-10°С, күндіз: -6-8°С;

3 наурыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -13-15°С, күндіз: -7-9°С;

4 наурыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 7-12 м/с, кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: -10-12°С, күндіз: -6-8°С.

Алматыда:

2 наурыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: -7-9°С, күндіз: +1+3°С;

3 наурыз - аспан бұлтты, аракідік қар жауады, тұман түседі. Батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -7-9°С, күндіз: 0-2°С;

4 наурыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -7-9°С, күндіз: 0+2°С.

Шымкентте:

2 наурыз - аспан бұлтты, күн райы құбылмалы, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: 0-2°С, күндіз: +1+3°С;

3 наурыз - аспан бұлтты, күн райы құбылмалы, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Түнде ауа температурасы: -1-3°С, күндіз: +1+ 3°С;

4 наурыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -2-4°С, күндіз: +6+ 8°С.


Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады