Қатты жер сілкінісі салдарынан алматылық студенттер сабақтан босатылды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматының жоғары оқу орындары қатты жер сілкінісінен кейін сабақты тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне барлық студенттер дер кезінде эвакуацияланғанын, әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін айтты.

"Ғылым және жоғары білім министрінің тапсырмасымен Алматыдағы жоғары оқу орындарында барлық сабақтар тоқтатылды.Сондай-ақ ректорларға университет жатақханаларында кезекшілік ұйымдастырып, студенттерді барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету тапсырылды,- бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

4 наурызда Алматыда тағы да күшті жер сілкінісі болды. Қала тұрғындары сағат 11:22-де магнитудасы 5 болатын күшті жерасты дүмпулерін сезінді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды