СҚО прокурорлары 3,3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алулардың күшін жойды

Сурет: Zakon.kz
Бюджет қаражатының жұмсалуына жүргізілген талдау мемлекеттік сатып алу заңнамасының өрескел бұзылуын анықтады.

Тимирязев ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары "Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұза отыра (бұдан әрі - Заңдар) объекті бойынша жұмыс жобасының қорытындысына сәйкес келмейтін конкурстық құжаттама бойынша сомасы 1,1 млрд теңге қазандық құрылысына мемлекеттік сатып алулар жүргізген.

Нәтижесінде бұл жағдайлар басқа әлеуетті жеткізушілердің құқықтарын шектеуге әкелді.

"Басқа жағдайда Қызылжар аудандық білім бөлімінің қызметкерлері заң талаптарына қайшы, мүгедектердің және жүріп-тұруы шектеулі адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларынсыз, 319,3 млн теңге сомасына Якорь ауылындағы балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алулар жүргізген. Қадағалау органының актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде." Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Жалпы, жыл басынан бері прокурорлар бұл салада 11 мемлекеттік сатып алуды тоқтатып, нәтижесінде 3,3 миллиард теңге бюджет қаражатының жұмсалуына жол бермеді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды