Астана көшелеріндегі қарды тазалауға 2,2 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылды

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Синоптиктер Астанада 9 наурызда күндіз жауын-шашын, ал түнде және таңертең тұман болады деген болжайды. Бүгін елордада қар тазалау жұмысына күндізгі уақытта 2,2 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 9 наурызда қала бойынша 2,2 мыңнан аса жол жұмысшысы мен 1,1 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылды.

Өткен түнде 1,2 мыңнан аса рейс арқылы қаладан полигондарға 17,4 мың текше метр қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 445,3 мың рейспен 6 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Астанада қар күреу жұмысы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі жүретін жолдарда, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі