Ақтөбе полицейлері азаматтарды алдап, қомақты қаржыны қалтаға басқан күдіктілерді анықтады

Сурет: Zakon.kz
Полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданды. Тексеру барысында жәбірленушіге онша таныс емес адам Астана қаласынан 7-20-25 бағдарламасы бойынша банк арқылы пәтер сатып алуға көмектесетінін айтып, оның 1,5 млн теңгесін иемденген.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер 30 жастағы астаналық әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Сондай-ақ қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адам оған жер учаскесін сатуға уәде беріп, алаяқтық жолмен 1 млн теңгесін иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдіктінің ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды. Екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алады ма - министр жауабы