Қуандық Бишімбаев сотта өз ұстанымын білдірді

Сурет: ortcom.kz
Жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қазақстан Республикасының бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2024 жылдың 11 наурызында сотта өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотталушы Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындамайтынын айтты.


"Мен тағылған айыптың мәнін түсінемін, бірақ өз кінәмді мойындамаймын", - деді ол.

Экс-министр сотты алқабилердің қатысуымен өткізуді де сұрады.

2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын. Қайғылы оқиға елордадағы "Бау" мейрамханасында болды.

8 қаңтарда Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталғаны белгілі болды. 11 қаңтарда астаналық сот оның қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлады.

26 ақпанда елордалық соттың баспасөз қызметі күдікті Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілгенін түсіндірді.

Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың аса қатыгездікпен кісі өлтірудегі кінәсі тергеуде дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды