Жатыр мойны обырына қарсы 350 мың доза вакцина алынды

Сурет: pixabay
Жатыр мойны обырына қарсы вакцинация күзде басталады. 350 мың дозаны сатып алу үшін 9 млрд теңге қаражат жұмсалды. Бұл туралы адам папилломасы вирусына байланысты өткен республикалық жиында айтылды.

Онкогинекологтардың сөзінше вакцинация 2 кезеңнен тұрады. Жалпы 175 мың жасөспірім қыз бала егу көзделіп отыр.

Ресми дерек бойынша жылына 2 мыңға жуық әйел жатыр мойны обырына шалдығады. Оның 600-і дерттің құрбаны болады, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алудың ең тиімді жолы екпе дейді мамандар.

"Олар онкологиялық ауру тудыратын вирустар негізі ұлттық егу күнтүзбесіне сәйкес егуге 11 жастағы қыздар жатады. Егу екі мәрте жүргізіледі. Бірінші доза күзде, екіншісі әрбір қызға 6 айдан кейін салынады. Иммунитет қалыптасады. Қорғаныш пайда болады." Нұршай Әзімбаева, ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі