Қазақстанда қашан күн жылынады

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары Zakon.kz тілшісіне елімізде алдағы үш күн – 2024 жылдың 14-16 наурыз аралығындағы ауа райы туралы айтып берді.

Олардың болжамы бойынша, Қазақстанның барлық аумағында біртіндеп жылыну күтілуде.

"16 наурызда күндіз еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: Қазақстанның оңтүстік жартысында – +5+13°С дейін, солтүстік жартысында – 0+5° дейін. С." "Қазгидромет" РМК

Бұл ретте синоптиктер алдағы тәуліктерде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республикада тұрақсыз ауа райы сақталатынын атап өтті:

14 наурызда Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында, 15 наурызда Жетісу облысында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты (жаңбыр, қар),

15 наурызға қараған түні Алматы облысында қалың қар жауады деп болжануда.

"Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі, солтүстікте, шығыста және орталықта төмен деңгейлі қарлы боран күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі