Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңаша тойланбақ

Сурет: Zakon.kz
13 наурызда ОКҚ өткен брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев 2024 жылдан бастап Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикер Наурыз мейрамы мемлекет басшысының ұсынысымен жаңаша тойланатынын еске салды.

"Мереке 10 күн – 14-23 наурыз аралығында өтеді, бұл кезең Наурызнам деп аталады.Бірыңғай логотип бекітіліп, барлық өңірлерге жіберілді", - деді Сәбит Барлыбаев.

Ол Наурыз мерекесін тойлау бағдарламасымен де бөлісті:

Жаңа жылдың символы Наурыз мейрамының соңғы күні 23 наурыз – Тазару күні болып жарияланады. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.

Сонымен қатар, 14-23 наурыз аралығында "Наурыз – базарлық" маусымы жарияланады. Бұл күндері Сәбит Барлыбаев айтқандай, сауда нүктелерінде жаппай сатылым, сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылуда.

2024 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев палата отырысында қазақстандықтар Жаңа жылды емес, Наурыз мейрамын тойлауы керектігін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді