Қазақстандағы Наурыз мейрамының басты белгісі таңдалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2024 жылы қызғалдақ Қазақстандағы Наурыздың басты символына айналды. Бұл туралы 13 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Наурыз логотипі бекітіліп, еліміздің барлық өңірлеріне жіберілді.

"Бұл логотиптің басты символы қызғалдақ. Жалпы халқымыз үшін қызғалдақ – Наурыз мейрамының жарқын символы. Ата-бабамыз қызғалдақты ежелден қастерлеген. Ол жұмақ гүлі саналған. Сондықтан да қызғалдақ гүлі Наурыз мейрамының жарқын белгісі, басты нышан болып табылады", — деп түсіндірді Сәбит Барлыбаев.

Бұған дейін ол Қазақстанда Наурыз мейрамы 2024 жылы жаңаша тойланатынын айтқан болатын. Толық ақпарат сілтемеде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек