Ұлттық банкке 960 гектар жер қайтарылды

Сурет: freepik
Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банк пайдасына қайтарды. Бұл туралы 2024 жылдың 19 наурызында қадағалау органының баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына хабарлады.

Ресми құжатта былай деп жазылған:

Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде "Capital Bank Kazakhstan" АҚ мен "AsiaCreditBank" АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады.

Жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңгені құрады.

"Прокуратура ҚР Ұлттық Банкінің мүддесіне, "Ш" жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді." Алматы қаласының прокуратурасы

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды