Ақтөбе облысының полицейлері заңсыз айналымнан 500 дозадан астам есірткі тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ақтөбе қаласындағы саяжайда жас жігіттің басқаруындағы Skoda Rapid автокөлігін тоқтатты.

Жеке тінту кезінде автокөлікте болған жолаушыдан полицейлер ұнтақ зат салынған 3 орама тәркіледі.

Бұдан әрі қызметтік-іздестіру итінің қатысуымен тінту барысында көлік ішінен ұнтақ зат салынған тағы 124 түйіншек тәркіленді.

Жүргізушінің тұрғылықты жерін тінту барысында да ұнтақ зат салынған 9 түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 100 грамнан асатын мефедрон есірткі заты болып шықты.

Бұл шамамен 3 млн теңгеге бағаланатын 550-ден астам бір реттік доза. Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Дастан Сәтпаев "Челси" сапында 36-шы нөмірде өнер көрсетеді