Жетісу облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Сурет: ҚР ІІМ
Жетісу облысындағы Алматы-Өскемен тас жолының 336-шақырымында екі Lada Priora және Toyota Windom көлігінің қатысуымен болған жол апатынан төрт адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, Lada Priora жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Windom көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Lada Priora жүргізушісі, оның екі жолаушысы, сондай-ақ Toyota Windom көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен бес адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталуда.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін Абай облысында кішкентай балалары бар көлік аударылып кеткені хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды