Алматы облысында мыңнан астам қызметкерге жалақы төленді

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының прокуратурасы жалпы сомасы 223 млн теңгеге 1043 қызметкерге жалақы төлеуге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының прокуратурасы еңбек заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тұрақты түрде талдау жүргізеді.

Талдау барысында Алматы облысы бойынша "Ветеринариялық станция" ПВХ МКК ағымдағы жылдың қаңтар айында жалпы сомасы 223 млн теңгеге 1043 қызметкерге жалақы төлемегені анықталды.


"Прокуратураның қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді, жоғарыда аталған ұйымның басшысы ҚР ӘҚБтК 87-бабы бойынша 150 АЕК (553 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бүгінгі күні басшымен көрсеткен сома өтелді." Алматы облысының прокуратурасы

Сонымен қатар, жалақыны уақтылы төлемеген жағдайда заңнамада әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 87-бабы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 152-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделгенін түсіндіреміз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні