Бишімбаев ісі: соттың келесі отырысы екі күннен соң өтеді

Сурет: видео скрині
Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Процесс ашық режимде өтті.

БАҚ өкілдері үшін сот отырысының онлайн-трансляциясы бар жеке кабинет ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара Жоғарғы соттың YouTube арнасында барлығына көрсетілді. 

Отырыста мемлекеттік айыптау тарапы іс бойынша айыптау актісін оқыды. 

Келесі сот отырысы 29 наурыз сағат 10:00-ге белгіленді. 

Алдағы отырыстар да тікелей эфирде өтеді. Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады. 

Еске салайық, бүгін, 27 наурызда таңертең алқабилер алқасын іріктеу рәсімі өтті. Сотқа келген 102 кандидаттың ішінен 12 алқаби (10 негізгі және 2 қосалқы) таңдалды. 

Іріктеу алқабилер алқасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы заң шектеулеріне байланысты жабық сот отырысында өтті. 

Қуандық Бишімбаев бүгін де кінәсін мойындамады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді