"Қылмыс жасадым ба, білмеймін" – Бишімбаевтың інісі Байжанов

Сурет: видео скрині
Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов өзіне тағылған айыпқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті сот, мен шынымен де видеоны өшіруді өтінгенімді, сонымен қатар Салтанаттың телефонын үйіне апаруды өтінгенімді мойындаймын. Қылмыс жасадым ба, білмеймін. Тек сол кезде мен Салтанаттың өліп бара жатқанын немесе өліп қалғанын білмедім, түсінбедім", - деді Бақытжан Байжанов.

Судья сотталушыдан "Сізге тағылған айыптар бойынша өз кінәңізді мойындайсыз ба, жоқ па?" деп сұрады. 

"Қылмыс жасадым ба, білмеймін", - деп жауап берді Байжанов судьяға.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың өзі бұл іс бойынша кінәсін мойындамайтынын және өз оқиғасын айтып беруге мүмкіндік берілмегенін айтқан еді.

"Айыптың мәні түсінікті... Кінәмді мойындамаймын. Айтайын дегенім, сотқа дейінгі тергеуде де, басқа жерде де өз оқиғамды айтып беруге мүмкіндігім болмады. Прокурордың жаңа ғана оқып шыққанының бәрі негізінен ойдан шығарылған, мұның бәрі расталмаған немесе дәлелденбеген. Тағы да айтамын, 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған емес, мен кінәны мойындамаймын", - деді Бишімбаев.

Келесі сот отырысы 29 наурыз сағат 10:00-ге белгіленді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті