Алматыда патрульдік полицей жанып жатқан көлікті сөндірді

Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда патрульдік полиция қызметкері жанып жатқан көлікті сөндіріп, төтенше жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерінің шапшаң және анық әрекеті қайғылы оқиғаны болдырмауға көмектесті. Патрульдік полиция полкінің инспекторы Азат Жұмабеков Панфилов пен Қазыбек би көшелерінің қиылысында қызметте болды.

"Бірнеше метр жерде тұрақта тұрған Toyota көлігінен түтін шыға бастады. Бірнеше секунд ішінде мен өрт сөндіргішті алып, жанып жатқан көлікке қарай жүгірдім. Көліктің иесі жанында болды. Есік пен капотты ашып, өртті сөндіруге кірістік. Бұл адам көп шоғырланған аймақ. Абырой болғанда, өтіп бара жатқандардың ешқайсысы зардап шекпеді, өрт жақын жерде тұрған көліктерге де өтіп үлгермеді. Бірақ көліктің салоны толығымен дерлік жанып кетті. Темекі тұтандырғышқа қосылған телефон сымдарында қысқа тұйықталу орын алған болуы мүмкін", — дейді Жұмабеков.

Ал көлік иесі полиция қызметкеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

"Полицей еш ойланбастан өртті өте кәсіби түрде сөндірді. Оған алғысымды білдіремін", – деді Алматы қаласының тұрғыны.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі