Көкшетауда төтенше жағдай жарияланды

Сурет: Ақмола облысының әкімдігі
Қылшақты өзеніндегі су деңгейінің қалыптан тыс көтерілуіне байланысты күрделі су тасқыны жағдайына байланысты тұрғындардың тұрмысы бұзылғандықтан, Көкшетауда жергілікті төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі Бауыржан Ғайса халық алдында сөйлеген сөзінде мұндай шешім жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылданғанын атап өтті.

"Төтенше жағдай аясында барлық шығын есептеліп, өтемақы мәселесі комиссиямен шешіледі, зардаптарды жою үшін штаб құрылды, су тасқыны аймағында тұратын тұрғындар эвакуациялануда. 29 наурыздағы жағдай бойынша 100-ге жуық Барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі. Мен жерлестеріме жағдайды түсініп, су тасқынымен күресуде қолдан келген көмектері үшін алғыс айтамын", - деді қала әкімі өз сөзінде.

Наурыздың 29-ы күні Қылшақты өзені жағалауының тасып кетуіне байланысты 16 жеке тұрғын үй, 29 жеке аула және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Ертөстік" балабақшасының бірінші қабаты су астында қалды.

Барлық зардап шеккендер 8 775 666 99 08 (Whatsapp) телефон нөміріне хабарласа алады.

28 наурызда Қостанай облысында Арқалық, Амангелді және Жангелді аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Аймақта ауқымды құтқару жұмыстары басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты