Қазақстандағы су тасқыны: министр Нұржігітов отставкаға кете ме

Сурет: primeminister.kz
2024 жылғы 2 сәуірде өткен үкімет брифингінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке өңірлердегі су тасқынына байланысты өз еркімен отставкаға кетуді жоспарлай ма деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Су шаруашылығы министрлігінің басшысы бұған дейін де президенттен қатаң сөгіс алғанын, сондықтан қазір жергілікті атқарушы органдармен және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, су тасқынын жою бойынша алдын алу шараларын қабылдау міндеті тұрғанын атап өтті.


"Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша шаралар қабылданады, су тасқынының алдын алу бойынша іс-шараларымыздың қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - деді Нұржан Нұржігітов.

Министрдің айтуынша, су қоймаларын босату жұмыстары наурыз айында басталған. Наурыз айы ішінде бұл су қоймаларында шамамен 3 текше шақырым су жиналды.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны аймағында бес облыс қалғанын, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталып отырғанын хабарлаған болатын. Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов те су тасқынының шарықтау шегі әлі өтпегенін айтты. Осыған байланысты ол министрлер мен әкімдерге солтүстік, орталық және шығыс өңірлердегі су тасқынының жаңа кезеңіне дайын болуды тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз