Алдағы күндері Қазақстанда күн суытып, қатты жаңбыр жауады

Сурет: pixabay
Қазақстандық синоптиктер 2024 жылдың 6 сәуірі мен 8 сәуірі аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жаңбыр жауады, 06-08 сәуірде түнгі уақытта солтүстік-батыста, 08 сәуірде солтүстікте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауып, жел күшейеді." "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

6 сәуірде Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, 6-7 сәуірде Алматы облысында, 8 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр болжануда.

"Оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі." "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Республикамыздың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күндіз 13-20 жылыдан 7-15 жылыға дейін төмендейді.

Еліміздің орталығы мен шығысында күндіз термометрлердің бағандары 15-20 жылыға дейін көтеріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы