Министр су басқан аймақтарға қанша медицина қызметкері жұмылдырылғанын айтты

Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздің су басқан өңірлерінде шамамен 3 мыңға жуық медицина қызметкері өздерінің ең маңызды миссиясын - азаматтарымызға медициналық көмек көрсетуді және олардың денсаулығын сақтауды жалғастырып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Су басқан аумақтарда 300-ге жуық жедел медициналық бригада жұмыс істеуде", - деді Денсаулық сақтау министрі.

Төтенше жағдайларда медициналық ұйымдар тәулік бойы жұмыс істейді, әрбір науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлер тарапынан қолдау көрсетіледі. Күйзеліс, қобалжу және мазасызданған тұрғындар арнайы мамандардан білікті психологиялық көмекке жүгіне алады. Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар кешенін жүргізу үшін санитарлық-гигиеналық қызметтен 900-ге жуық маман жұмылдырылды.

"Денсаулық сақтау министрлігі он өңірде халықтың денсаулығын сақтау мәселесін, оның ішінде дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, жүкті әйелдердің, балалар мен қарттардың жағдайына ерекше назар аударуда", делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, су тасқыны басталғалы бері апатты аймақтардан 72 мыңнан астам адам эвакуацияланғаны белгілі болды. Оның ішінде ауруханада жатқан науқастар да бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды