Жаңалықтар тізбегі
0

Су тасқыны басталғалы бері апатты аймақтардан 72 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Эвакуация, апатты аймақтар, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2024 10:35 Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ елімізде су басқан өңірлердегі жағдайға қатысты 2024 жыл, 7 сәуір, сағат 10:00-дегі соңғы ақпараттармен бөлісті. Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтерімен 72 029 адам, оның ішінде 16 078 бала (45 мүмкіндігі шектеулі жан) эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай-ақ уақытша орналасу пунктеріне 14 368 адам, оның ішінде 7 255 бала орналастырылды.

Төтенше жағдайлар, Қорғаныс мининистрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелері құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

"7,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 952 мыңнан астам қапшық және 976 мыңнан астам тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 12 445 адам,  1300-ге жуық техника, 7 әуе кемелері жұмылдырылды. Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3686 жеке тұрғын үй, 557 аула аумағы және 1822 саяжай үйлері су астында қалуда", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары республикалық жедел штабтың бақылауына алынған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: