Су басқан аймақтардағы оқушылар сабақтан қол үзіп қалмады ма

Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балаларды жазғы сауықтыру орталықтарына жіберуді тапсырған болатын. Бүгін оларды орналастыру жұмыстары басталғаны, тек бірінші күні 80-нен астам бала қабылданғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді.

Оның айтуынша, су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жұмысы аясында 55 мектеп уақытша орналастыру пункттері болып белгіленді. Бұл пункттерде 7255 бала бар.


"Балалар мен зардап шеккен азаматтарға 300-ден астам педагог-психолог психологиялық көмек көрсетуде. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің белсенді араласуы ұйымдастырылды. Балалар қажетті оқу құралдарымен, қашықтықтан оқытуға арналған техникалық құралдармен, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етілген. Интернеттің жылдамдығы төмен ауылдық мектептерді Starlink желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде", - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Жалпы, білім беру саласының 20 мыңға жуық қызметкері волонтер ретінде су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды