Ақша Biz Birgemiz Qazaqstan қоғамдық қорына жолдарды жөндеуге, құтқару тікұшақтарының жұмысын қамтамасыз етуге, генераторлар, сорғылар, үрлемелі қайықтар мен дәрі-дәрмектер сатып алуға жіберіледі.
"Мен су тасқынынан зардап шеккен аудандарда жүрмін. Апаттың ауқымын көріп отырмын. Біз су тасқынынан зардап шеккен барлық аймақтарға техника ұсынған жалғыз қормыз. Бізге генераторлар, сорғылар, үрлемелі қайықтар, үлкен моторлы қайықтар, қолшамдар, күректер, қаптар керек. Олардың біраз бөлігін сатып алдық, қалған техниканы бізге қарызға берді. Біз бұл қаражаттың дәл қазір қажет екенін түсініп, Kaspi.kz-тен тағы да қосымша көмек сұрадық. Алынған заттардың ақысын төлеу үшін бізге 500 миллион теңге қажет болды. Әрбір қазақстандыққа қайырымдылықтарыңыз үшін және Kaspi.kz бізбен үнемі байланыста болып, барлық қажетті көмекті көрсетіп жатқаны үшін алғыс айтамыз. Бұл көмекке баға жетпейді, мұның арқасында біз зардап шеккен отбасыларға көмекті жалғастыра аламыз!". Biz Birgemiz Qazaqstan ҚҚ төрағасы Перизат Қайрат
Biz Birgemiz Qazaqstan қоғамдық қоры 2020 жылы құрылған. Қор Covid-19 пандемиясы кезінде қазақстандықтарға көмек көрсетті, Арыстағы төтенше жағдайлар мен Семейдегі өрттен зардап шеккендерге көмектесті, сондай-ақ ерекше балалары бар отбасыларды тұрақты қолдайды.
Наурыз айының соңында Kaspi командасы Kaspi.kz қосымшасында онлайн қызмет ұйымдастырды. Ол арқылы жағдайға бей-жай қарай алмайтын әрбір қазақстандық зардап шеккендерге көмектесу үшін "Biz Birgemiz Qazaqstan" қорына қаражат аудара алады. Қазіргі уақытта қорға 100 мыңнан астам қазақстандықтан 145 миллион теңгеден астам қаражат келіп түскен.
Kaspi.kz сонымен қатар сүйікті клиенттері мен серіктестеріне көмектеседі және мұқтаж адамдарға несиені кейінге қалдыру мен есептен шығаруды ұсынады. Kaspi.kz жағдайды жіті қадағалап, көмек көрсетуді жалғастырады.