Шу тұрғынынан құны 5 млн теңге болатын гашиш тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Жамбыл облысында есірткі трафигі арнасының жолы кесілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары Шу ауданы Төле би ауылында ПД ЕҚҚІБ және ҰҚКД қызметкерлерімен жүргізілді.

Нәтижесінде есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктіден ішінде гашиш есірткі құралы бар полиэтилен қапшығы тәркіленді.

Ер адам тыйым салынған заттарды Алматы қаласында сату үшін сақтаған.

"Алынған заттың жалпы салмағы 14 келі 20 грамм – бұл шамамен 5600 дозаны құрайды. Олардың қара нарықтағы жалпы құны 5 млн теңгеден асады. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін