Мал өлексесін жою жұмыстары республикалық эпизоотияға қарсы отрядқа жүктелген

Сурет: pixabay
Су тасқыны кезінде өлген малдардың құнын өтеу алгоритмі әзірленді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин хабарлады.

Шығын көлемін анықтау үшін жергілікті әкімдіктермен арнайы комиссия құрылған. Су тасқыны салдарынан, өлген жануарларының иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып, сол комиссияға өтініш беруі керек. Кейін, оның меншік құқығы анықталады. Әр малдың құнын анықтау да, осы алгаритмде көрсетілген.

"Меншік иелеріне өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросы жариялаған жануарлардың түрлері, жынысы мен жас шамасы бойынша нарықтық құны туралы мәліметтер негізінде айқындалатын болады. Жалпы, су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы эпизоотиялық жағдай, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне келтірілген шығынды өтеу мәселелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында." Олжас Тілебалдин, ҚР АШМ ресми өкілі

Жедел деректер бойынша, өлген мал саны 8 мың бір жүз бас, оның ішінде ұсақ мал – 6 мың, ірі қара – 1,5 мың, жылқы – 514 бас. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд жануарлардың өлекселерін жою жұмыстарын қарқынды жалғастыруда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді