Жамбыл облысы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын қолдады

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" ауқымды акциясы Жамбыл облысында "Таза аула. Таза өлке. Таза ел!" бастамасы аясында өтеді.

Елімізде 8 сәуірден бастап "Таза Қазақстан" ауқымды акциясы басталды. Жамбыл облысының тұрғындары да бұл бастаманы белсенді қолдауда. Акция аясында Тараз қаласы мен өңірдің барлық ауданында 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа бағытталған.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ экологиялық науқан аясында Тараз қаласындағы Ы. Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінің аумағында ағаш отырғызу акциясы өтеді. Облыс орталығында және Жуалы ауданында "Таза аула, таза көше" байқауы өтеді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шу тұрғындары сенбілікті Теміржолшылар саябағында өткізеді. Сарысу ауданында белсенді азаматтар сенбілікке орталық алаңда және Комсомол көлінің жағасында жиналады.

Шара барысында өңірдегі арықтар мен каналдарды тазалау, абаттандыруға баса назар аударылады.

"Таза Қазақстан" акциясына "Жас ұлан" және "Жасыл ел" жасақтары да белсене атсалыспақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз