Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде тағы бір есірткі сатушы ұсталды

Арнайы іс-шараны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізген.

Жедел мәліметтер бойынша Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде мекемеге есірткі жеткізу және одан әрі сатумен айналысқан 42 жастағы ер адам ұсталды.

"Күдіктіні жеке тінту барысында құрамында ерекше иісті ақшыл түсті заты бар полиэтилен орамы табылды және тәркіленді. Есірткі сатушы ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын осы түнгі клубқа келген адамға шөпті сатып үлгергендігі белгілі болды. Күдікті мінген көліктен сатуға дайын "синтетика" салынған тағы бірнеше байламдар, электронды таразылар және басқа да зертханалық құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді. Есірткі қылмысы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті қамауға алынды", – деп мәлімет берді Алматы қалалық ДП бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: