Елімізде болашақ ғалымдарға қандай мүмкіндік бар

Сурет: pexels
Астанада оқушыларға арнаған ғылыми форум өтті. Келелі кездесуге Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әділет министрі Азамат Есқараев қатысты.

Жиынға халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген тәлімгерлер мен олардың ұстаздары келген. Мінберге шығып сөз сөйлеген Саясат Нұрбек, елде ғылымға бет бұрған жандарға қандай мүмкіндік барын айтып, алдағы жылы IT, жасанды интеллект, баламалы қуат көзі сынды бағыттар дамитынын жеткізді, деп жазады Алматы телеарнасы.

"Электр мобильдер нарықты жаулап барады. Алдағы уақытта осы құрылғыларды кәдеге жарату, қайта өңдеу деген проблема туындайды. Ал оны жасау үшін арнайы мамандар қажет екені айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар көліктерге автопилот орнатылып жатыр. Осындай жүйені Қазақстанда жасау үшін мықты мамандар керек", – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Министрдің сөзінше, елде бірнеше шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылған. Басқа сөзбен айтқанда, кампустар. Мектепті тәмамдаған түлек шетелге сабылмай, өзімізде оқып, тек тағылымдамадан өтетін кезде ғана өзге мелмекетке барса болады. Бір университеттен бір мезетте екі диплом алып шығу мүмкіндігі де қарастырылған.

"Шетелге баруға болады. Бірақ Қазақстанда Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресейдің мықты оқу орындарының филиалын ашылды. Мәскеу инженерлік физикалық институты. Өте мықты. Атыраудағы Губкин атындағы атақты университет. Сондықтан үлкен таңдау болады", – деді Саясат Нұрбек.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті