Қуандық Бишімбаевқа қатысты келесі сот отырысы жүріп жатыр – трансляция

Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Астанада 2024 жылдың 22 сәуірінде әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қазақстан Республикасының бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот залынан онлайн-трансляцияны Қазақстанның Жоғарғы соты жүргізеді.

Экс-министрдің ісі елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр және судья болып осы соттың төрағасы Айжан Құлбаева тағайындалды. Күдікті ретінде Қуандық Бишімбаев пен оның ағасы Бақытжан Байжанов айыпталуда.

Еске сала кетейік, 18 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың ұялы телефоны зерттелуі керек болған. Алайда, айыпталушы телефонының алты таңбалық құпия сөзін айтудан бас тартты. Ол өзінің бұл әрекетін смартфонында көпшілікке қолжетімді болмауын қалайтын басқа да көптеген нәрсе барымен түсіндірді.

Сонымен қатар, 19 сәуір күні белгісіз біреулер атамыш сот судьясы А.Құлбаеваға жасырын нөмірмен қоңырау шалып, қорқытқаны белгілі болды. Бұл әрекет бойынша бірден екі қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз