Түркістанда полицейлер ер адамның өмірін сақтап қалды

Сурет: Zakon.kz
Түркістан қалалық полиция басқармасының "102" тетігіне таңғы сағат 06:30 шамасында С.Ерубаев даңғылының бойында белгісіз ер адамның әйнекпен өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, істің мән-жайын анықтауға тырысты.

Оқиға орнына жеткен полицейлер қолында тасы мен әйнекке мойнын тосып, жақындаса өзіне қол салатынын айтып қорқытқан ер адамды көріп, райынан қайтару үшін оны әңгіме тартты. Яғни оны қауіпті қадам жасамауға үгіттеп, көндіре бастады.

Алайда өзін жөнсіз ұстаған ер адам ашуға булығып, қарсыласа бастады. Осы сәтте полицейлер ер адамды сөзге айналдырып тұрып, оған байқатпай, артқы жағынан келген екінші қызметкер жылдамдықпен ұстап қалды.

Белгілі болғандай, 34 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын қатты мас болған және өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайын анықтап жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы