29 сәуірдегі саудада доллардың төмендеуі жалғасты

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,76 теңгеге төмендеп, 441,44 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 60,81 теңгені (-0,28) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 475,54 теңге, рубльді 4,82 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 441,5-443,1 теңгеге, еуро 473-477 теңгеге, ресей рублі 4,69-4,79 теңгеге сатылуда.

Ал 29 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны барреліне 88,52 долларға дейін 1,09%-ға төмендеді.

Америкалық WTI мұнайы да осындай динамика көрсетіп, барреліне 0,99%-ға арзандап, 83,02 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз