Өзбекстанда шегірткемен күрес басталды

Сурет: pixabay
Өзбекстанда шегірткеге қарсы күрес басталды. Қашқадария облысында зиянкес жәндіктер жасыл алқапқа ауыз салған.

Жергілікті тұрғындар шегірткенің шабуылы тоқтамаса шығынға ұшыраймыз ба деп алаңдаулы. Ауыл шаруашылығы министрлігі болса, жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді.

Қазір залалсыздандыру жүріп жатыр. Жалпы биыл көрші елде 580 мың гектардай алқапты өңдеу жоспарланған.

Марокко шегірткесі ауа температурасы 10 градустан жоғары болған кезде таралады. Алдын алмаса зиянкестер ауыл шаруашылығына айтарлықтай залал келтіреді.

Өзбекстанның Наманган облысында да осыған ұқсас жағдай.

Төтенше жағдайлар қызметі мен ауыл шаруашылығы ведомствосы бірлесіп шегірткенің таралуына жол бермеу шараларын қолға алды

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды