Шымкенттің белсенді ардагерлері "Таза Қазақстан" науқанына қатысты

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкентте "Таза Қазақстан" акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығы басталып, көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі іс-шарада қаламыздың тазалығына ардагерлер үлес қосты. Аға буын өкілдері жас буынға үлгі көрсетті десек болады. Абай саябағына жиналған белсенділер "Ұрпақтар сабақтастығы" атауымен ата мен немеренің бірлесіп атқарған еңбегіне куә болды.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Осындай үлгі мен даналықты дәріптеп, кейінгі жас ұрпақтың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс шараға қаладағы бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Өз қаламызға қамқорлықпен қарау – әр азаматтың борышы. "Таза Қазақстан" акциясы аясында Шымкентте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін "Өнегелі ұрпақ" апталығына орай немерелерімізбен бірге саябаққа келіп, тазалық жұмыстарына қатысып жатырмыз. Өсіп келе жатқан балаларымызға, жастарға өнеге үлгі болсын деп атсалысып жатырмыз. Ал жастарымыз үлкендерге, қарияларға, ардагерлерге көмек көрсетіп, игі істермен айналысуда. Осыған үлкен алғысымды білдіремін", – Кенжехан Төлебаев.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

350-дей адам қатысқан тазалық жұмысында қариялар мен ардагерлер ерікті жастарға тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстарына қол көмек беріп, ақылдарын айтып, жол көрсетті.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әсіресе қариялар осындай игі істің Ұлы жеңіс күні қарсаңында өткеніне қуанышты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды