Ірі химия кәсіпорнына 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Сурет: kpp.kz
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚА) Жамбыл облысы бойынша департаменті тұтынушылардың өтініші бойынша «Қазфосфат» ЖШС-не қатысты басталған тергеудің аяқталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тұтынушылардың өтініші бойынша басталған "Қазфосфат" ЖШС-не қатысты тергеудің аяқталғаны туралы хабарлайды.

Кәсіпорынның қызметін талдау барысында сұйық оттегінің монополиялық жоғары бағасын белгілеуге байланысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Бұл факт бәсекелестік нарық негіздерін бұзу болып саналып, Қазақстан Республикасы тұтынушыларының мүдделеріне қайшы келеді.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен "Қазфосфат" ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға 1 203 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және 8 344 170 теңге сомасына монополиялық кіріс тәркіленді.

Сот шешімі заңды күшіне еніп, айыппұл толық көлемде төленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз