Павлодар облысында борышкер жүргізушілерден 22 млн теңге өндірілді

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында "Борышкер" ЖПІШ барысында борышкерлерден 22 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

Жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылар арасында орындалмаған жаза үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын сақтау мақсатында өңір аумағында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

"Жүргізілген жұмыс нәтижесінде борышкер жүргізушілерден 22 млн теңгеден астам қаржы өндірілді. "Кибер-Шериф" аппараттық-бағдарламалық кешені мен "Қорғау" жүйесін қолдана отырып, жүргізушілердің қарыздары болған 155 көлік құралы анықталды. Жүргізушілері айыппұл төлеуді елемеген 9 автокөлік арнайы тұраққа қойылды", – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полициясының бастығы Борис Әлімбаев.

Мысалы, тәртіп сақшылары Lada Granta көлігін айыппұл тұрағына қойды, оның иесі 200 мың теңгеден астам айыппұл төлемеген және иесіне 400 мың теңгеден астам айыппұл салынған Jaguar CCX көлік де айып тұрағына қойылды.

Енді иелері қарыздарын толық өтегеннен кейін ғана көліктерін ала алады. Полиция департаменті азаматтардан әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тексеруді және осындай жағдайларды болдырмау үшін заңда белгіленген мерзімде бар қарыздарын өтеуді сұрайды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр